Түркия әлемде ең көп турист күтіп алған үшінші ел

Мехмет Нури Ерсой Түркияның әлемдегі ең көп турист қабылдаған 3-ші ел болғанын айтты.

1973985
Түркия әлемде ең көп турист күтіп алған үшінші ел

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияның әлемдегі ең көп турист қабылдаған 3-ші ел болғанын айтты.

Стамбул Түйап жәрмеңке және конгресс орталығында «26-шы Халықаралық Шығыс Жерорта теңізі туризм жәрмеңкесінің» (EMITT) ашылуына қатысқан Ерсой 2022 жылы 42 миллион турист және 35 миллиард доллар кіріс көздегендерін айтты.

Министр Ерсой «Көздеген мақсатымызға қол жеткіздік. Жыл соңында туризмнен түскен кірісіміз 46,3 миллиард долларға, турист саны 51,4 миллионға жетті. Індетттен (Ковид-19) бұрынғы  көрсеткіштер тілге тиек болғанда  2022 жылдың соңында әлемде бұл санақтың тек 70 пайызын жүзеге асырдық.  Осыған қарамастан ең көп турист қабылдаған 3-ші ел болдық. 2019 жылы туризмнен түскен кіріс 19 пайызға өсті. Дағдарысты өте жақсы басқардық және Түркия ретінде дағдарыстан кейін туризм кірісінде ең жақсы көрсеткішке ие ел болдық» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар