«Чамлыджа мұнарасына» келушілер саны 1 миллионнан асты

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу мәлімдеме жасады.

1966933
«Чамлыджа мұнарасына» келушілер саны 1 миллионнан асты

Стамбулдың көрікті орталығына айналған «Чамлыджа мұнарасы» ашылғалы бері 1 миллионнан астам келушіні қабылдады.

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу жазбаша мәлімдемесінде Президент Режеп Тайып Ердоған 2021 жылы 29 мамыр күні ашқан Чамлыджа мұнарасының 2021 жылдың 1 маусым күнінен бастап келушілерді қабылдай бастағанын білдірді.

Ковид-19 эпидемиясында келушілердің қатты назарын аударғанын айтқан Караисмаилоғлу «Ашылған күннен бастап күткен келушілер саны 1 миллион 36 мың 586-ға жетті. Әлемнің теңдесі жоқ қалаларының бірі Стамбулды ең биіктен 360 градустық бұрыштан тамашалау келушілеріміздің жадында естен кетпейтін із қалдырады» деді.

«Чамлыджа мұнарасының» қала экономикасы мен туризміне де үлес қосқанын және тартымды орталыққа айналғанын атап көрсеткен Караисмаилоғлу «Ұзындығы 369 метр, теңіз деңгейінен биіктіктігі 587 метр және осы ерекшелігімен Еуропаның ең биік мұнарасы болып табылатын «Чамлыджа мұнарасына» әлемнің әртүрлі аймақтарынан келген шетелдік туристердің үлкен қызығушылығын тудырады. Сонымен қатар әлемде алғаш және жалғыз 100 радио арнаның қуаты бір-біріне кедергі жасамай хабар таратып, 17 телеарна бір таратқыштан жоғары сапалы хабар тарата алады. «Чамлыджа мұнарасы» көрнекі және электромагниттік ластануды тудыратын 33 ескі антеннаны алып тастау арқылы Стамбулдың сұлбасына маңызды үлес қосты» деді.



Ұқсас жаңалықтар