Абу-Дабиде қорғаныс жәрмеңкесі басталды

Түркия жәрмеңкеге 50-ден астам қорғаныс өнеркәсібі фирмасымен қатысуда.

1948666
Абу-Дабиде қорғаныс жәрмеңкесі басталды

Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен қорғаныс өнеркәсібі іс-шарасында түрік қорғаныс өнеркәсібі соңғы жылдардағы ең жоғары қатысумен өз орнын алды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде қорғаныс өнеркәсібі мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген елдердің жоғары деңгейдегі ресми делегацияларының қатысуымен "IDEX" Халықаралық қорғаныс жәрмеңкесі мен конференциясы басталды.

Жәрмеңке Таяу Шығыс және Солтүстік Африка (МЕНА) аймағындағы дара халықаралық қорғаныс жәрмеңкесі мен конференциясы ретінде ерекшеленеді. Жәрмеңкеде құрлық, теңіз және әуе қорғанысы салаларындағы соңғы технологиялар таныстырылуда.

Түркия жәрмеңкеге 50-ден астам қорғаныс өнеркәсібі фирмасымен қатысуда.

Жәрмеңке кезінде түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары шығарған түрлі ұшқышсыз құрлық және әуе көліктері, сауытты көлік платформалары, қару жүйелері, электронды жүйелер, оқ-дәрілер, симуляторлар және логистикалық қолдау өнімдері барлық қатысушыларға, әсіресе "MENA" аймағына ұсынылады.

"IDEX" жәрмеңкесі арқылы түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары мен жәрмеңкеге қатысушы елдер арасындағы жаңа жобалармен ынтымақтастық әлеуетін дамыту және тереңдету үшін негіз қалау мақсат етілуде.



Ұқсас жаңалықтар