Кардашьян Диана ханшайымның алқасын сатып алды

Кардашьянның «Атталла кресті» үшін 197 мың 453 доллар төлегені белгілі болды.

1935673
Кардашьян  Диана ханшайымның алқасын сатып алды
diana kolye.jpg

Америкалық шоу жұлдызы Ким Кардашьян Ұлыбритания королі Чарльз III-тің бұрынғы жұбайы Диана ханшайымның «Атталла кресті» алқасын сатып алды.

«Sotheby's» аукцион үйінің «Royal & Noble» деп аталатын аукционында арнайы сарай бұйымдары, асылтектілерге тиесілі әшекейлер мен бағалы заттар сатылымға шығарылды.

Кардашьянның осы топтамада сатылымдағы «Атталла кресті» үшін 197 мың 453 доллар төлегені белгілі болды.

5,25 карат алмаз тастармен безендірілген алқаны Палестина текті британдық кәсіпкер Наим Атталла сәнді зергерлік бұйымдар дизайнері Гаррардтан сатып алып, Дианаға сыйлық ретінде ұсынған.

Диана бұл алқаны кейбір қайырымдылық шараларында тағып жүрді.

Кардашьян бұған дейін Элизабет Тейлор және Жаклин Кеннеди Онассис сияқты танымал есімдердің зергерлік бұйымдарын да сатып алған.



Ұқсас жаңалықтар