Гарет Бейл футболдан кететінін мәлімдеді

Бейл өз елі үшін үлкен мақтаныш болды.

1930429
Гарет Бейл футболдан кететінін мәлімдеді

Тағы бір атақты футболшы карьерасын аяқтады.

Гарет Бейл футболдан кететінін мәлімдеді.

Уэльс жұлдызы өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтында 17 жыл бойы алаңда өзін әрқашан биікте сезінгенін айтты.

33 жастағы футболшы клубтық мансабын «Саутгемптонда» бастап, кейін «Тоттенхэм Хотспурға» ауысқан еді.

Лондон командасы сапында 237 матч өткізген жұлдыз футболшы 72 гол және 60 нәтижелі паспен көзге түсті.

Бейл 2013 жылы «Реал Мадрид» командасына 100 миллион еуроға рекордтық ақымен жол тартты. Ол Испания құрамасында өткізген 9 жыл ішінде 258 матчта 106 рет қақпаға гол соғып, 67 нәтижелі пас берді.

Бұл процесте Гарет Бейл 5 Чемпиондар лигасын, 4 ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатын, 3 Ла Лига мен УЕФА суперкубогын жеңіп алды.

Гарет Бейл осы жылдар ішінде өз елі үшін үлкен мақтаныш болды.

Ол Уэльс құрамасы үшін 111 матчта ойнап, 41 гол соққан.

Арал мемлекеті 1958 жылдан бері алғаш рет Катарда өткен әлем чемпионатына барған болатын.

Уэльс сонымен қатар Бейлмен бірге 2016 және 2020 жылдардағы Еуропа чемпионатына да жолдама алған еді.



Ұқсас жаңалықтар