Түрік фильмі «Тай» 6 елде көрсетіледі

TRT-нің бірлесіп түсірілген фильмі «Тай» 20 қазан күні 6 елде көрсетіледі.

1891310
Түрік фильмі «Тай» 6 елде көрсетіледі

Әзірет Мұхаммед пайғамбардың хижрат сапарын баяндайтын Түркия Радио Теледидар Мекемесінің (TRT) бірлесіп түсірілген фильмі «Тай» (Tay) 20 қазан күні 6 елде көрсетіледі.

ТРТ мәлімдемесіне қарағанда TRT Балалардың маман психологтары, баланың өсуі бойынша мамандар және редакторларының қатысуымен дайындалған фильм Сауд Арабиясы, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Оман және Кувейтте көрерменмен кездеседі.

Таяу Шығыста көрсетілетін алғашқы түрік анимациялық фильмі болатын туындыны Түркиядағы қойылымның үшінші аптасында 300 мыңнан астам адам тамашалады.

Фильмде анасын іздеген асыл тұқымды бір тай «Рияхтың» ұрылардан қашып жүріп кездескен кәрі түйесі Жабалмен бірге Мадинаға барған жолы баяндалады.

3D анимациялық фильмі арқылы әсіресе мектеп жасындағы балаларда құрбандық, үміт және махаббат сияқты ұғымдарды нығайту және Пайғамбарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсат етілген.



Ұқсас жаңалықтар