1800 жылдық әскери қола медаль табылды

Қазба жұмыстары «Мәңгілік баспалдақ» деп аталатын бөлімде жалғасып жатыр.

1888943
1800 жылдық әскери қола медаль табылды

Адыямандағы Перре байырғы қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде Медузаның бас мүсіні салынған 1800 жылдық әскери қола  медаль табылды.

Мұражай директоры Мехмет Алкан журналистерге қазба жұмыстарының мозаика салынған аймақта және «Мәңгілік баспалдақ» деп аталатын бөлімде жалғасып жатқанын айтты.

Медальдың 1800 жыл екенін айтқан Алқан:

"Медуза медалі жауынгерге табысы үшін берілетін марапат ретінде көрінеді. Бұл әскери салтанат кезінде сарбаздың кеудесіне немесе қалқанына тағылатын медаль. Біз өткен жылы осы жерде қазба жұмыстарын жүргізген кезде 1800 жыл бұрынғы әскери дипломды тапқан едік. Сол себепті медальді де әскери қызметпен байланыстырып отырмыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар