Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Пәкістанға жәрдемдерін жалғастыруда

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Дешт аймағында өмір сүрген мұқтаж жандарға азық-түлік пакеттерін таратты.

1883239
Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Пәкістанға жәрдемдерін жалғастыруда

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Пәкістандағы су тасқынынан зардап шеккендерге жәрдемдерін жалғастыруда.

Пәкістанның әртүрлі аймақтарында қызметін жалғастырған Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Куетта қаласының Дешт аймағында өмір сүрген мұқтаж жандарға азық-түлік пакеттерін таратты.

Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамының Халықаралық делегациясы және операциялық директоры Аныл Кожабал шілде айынан бері жалғасқан нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан зардап шеккен елге жүздеген шатыр, мың 500-ден астам азық-түлік пакеті және көптеген гигиена материалын таратқандарын атап көрсетті.

Су тасқынынан зардап шеккендерге қауіпсіз сумен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударған Кожабал бұл тұрғыда 5 мың отбасына су тазарту жүйелерінің таратылатынын білдірді.

Су тасқынынан кейін аурулардың көбейгеніне назар аударған Кожабал 3 аймақта 30 мың адамға қызмет көрсететін жылжымалы денсаулық бөлімшелерін құру үшін дайындықтың жалғасып жатқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар