TOGG "Smart_iX" компаниясымен серіктестік келісіміне қол қойды
TOGG: «Smart Life» қызметтеріміздің қауіпсіз, жылдам және экологиялық болуын қамтамасыз етеді»
Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобы (TOGG) пайдаланушы тәжірибесінде жасанды интеллект қолдауымен шешімдер ұсынатын бағдарламалық жасақтама компаниясы «Smart_iX»-пен іскерлік серіктестік келісіміне қол қойғанын жариялады.
TOOG-тың твиттердегі ресми аккаунтынан жасалған хабарламасында тақырыппен байланысты «Пайдаланушы тәжірибесі саласында жасанды интеллект қолдауы беретін шешімдерді ұсынатын «@SMART_iX»-пен стратегиялық ынтымақтастығымыз арқылы біз ұтқырлық экожүйемізді кеңейтеміз және «Ақылды технология» қызметіміздің қауіпсіз, жылдам және экологиялық таза болуын қамтамасыз етеміз» делінді.
Отандық көлік TOGG-тың 29 қазан күні өндірілуі күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
«Marella Discovery» атты круиздік кеме Аланияға келді
Алания портына аялдаған кемеде көпшілігі британдық 1 758 жолаушы мен 743 қызметкер бар.
АҚШ-та «Түрік күні фестивалі» өтті
Түрік Америка ұлттық басқару комитеті ұйымдастырған 3 күндік бағдарламалар өте сәтті өтті.