Түрік фильмі Қытайда фестивальде

Байқау бөліміндегі «Анадолы барысы» қаладағы үш түрлі кинотеатрда көрсетіліп жатыр.

1868087
Түрік фильмі Қытайда фестивальде

Режиссер Эмре Кайыштың 2021 жылы түсірілген «Анадолы барысы» фильмі Қытайдағы 12-ші Бейжің халықаралық кинофестивалінің (BJIFF) байқау бөліміне таңдалды.

Сенбіге қараған түні басталған фестивальде 14 елден 16 фильм «Тиентан» (Аспан храмы) жүлдесі үшін жарысады.

Байқау бөліміндегі «Анадолы барысы» қаладағы үш түрлі кинотеатрда көрсетіліп жатыр.

Түрік фильмі байқау каталогының алдынғы жағында ұсынылды және Қытайдың «Синьхуа» агенттігі фестиваль туралы жаңалықтарында осы фильмді марапаттарға мықты үміткерлер қатарында көрсетті.

Қытайлық кино актері Ли Шуецэнь басқаратын 7 адамнан тұратын қазылар алқасы «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Өнерге қосқан үлесі», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік әйел рөлі», «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі»,  «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», «Үздік сценарий», «Үздік операторлық жұмыс» және «Үздік музыка» номинациялары бойынша жеңімпаздарды таңдайды.

Марапаттар иелеріне 20 тамызда өтетін салтанатты шарада беріледі.



Ұқсас жаңалықтар