Ислами Ұйымшылдық ойындарында Түркия алда келеді

Түрік спортшылары бір күнді 18 медальмен аяқтады.

1865963
Ислами Ұйымшылдық ойындарында Түркия алда келеді

V Ислами Ұйымшылдық ойындарында түрік спортшылары бір күнді 18 медальмен аяқтады.

Конияда V Ислами Ұйымшылдық ойындарын түрік спортшылары жақсы бастады.

Ойындардың ресми ашылу күні түрік спортшылары  жүзу, жеңіл атлетика, таэквондо түрлерінде жарысты. Сондай-ақ волейбол, гандбол, үстел теннисінен жарыстар өтті.

Түрік спортшылар 5 алтын, 7 күміс және 6 қола, барлығы 18 медаль жеңіп алды. Осылайша Түркияның жарыстағы медальдар саны 40-қа жетті, оның ішінде 16 алтын, 14 күміс және 10 қола бар. Медаль рейтингінде  Түркия алда келеді.

Волейболдан ерлер арасындағы ұлттық құрама ойындардағы алғашқы матчында Пәкістанды 3-1 есебімен жеңді.



Ұқсас жаңалықтар