Феттель спорттан кетеді
"Менің басымдылығым - отбасыма көбірек уақыт бөлу" деді ол.
«Формула-1»-де «Астон Мартин» командасының неміс жүргізушісі Себастьян Феттель маусымның соңында спорттағы карьерасын аяқтауды шешкенін мәлімдеді.
«Формула-1» жарысынан кететінін Instagram парақшасында жариялаған 35 жастағы Феттель: «Зейнетке шығу мен үшін көптен бері ойлаған және қабылдау қиын болған шешім болды. Менің басымдылығым - отбасыма көбірек уақыт бөлу» деді.
«Red Bull» командасымен 2010-2013 жылдары қатарынан төрт әлем чемпионатында жеңіске жеткен Феттель карьерасында 53 гран-при мен 57 "pole" жеңіп, 122 рет жеңіс тұғырына шыққан.
Ол Льюис Гамильтон (103) мен Михаэль Шумахерден (91) кейін 53 гран-при жеңісімен жарыста ең көп жеңіске жеткен жүргізушілер тізімінде үшінші орында тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі
Кеше ел көлемінде әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойланды.