Қытай ғарышқа жаңа серік жолдады

Ұзындығы 20.5 метрлік модуль Қытайдың ғарышқа жіберген ең үлкен ғарыш көлігі болып табылады.

1859043
Қытай ғарышқа жаңа серік жолдады

Қытай Жершары  орбитасында өзі салған ғарыш станциясының бір бөлігін құрайтын алғашқы зертханалық модулін  ғарышқа жолдады.

Басқарылатын Ғарыштық бағдарлама агенттігінің мәлімдемесіне қарағанда «Винтиен» модулі Хайнань аралындағы Винчаң Ғарыш аппаратының ұшыру орталығынан «Long March-5B Y3» зымырантасығышпен ұшырылды.

Ұшырылғаннан 8 минуттан кейін Ғарыш станциясы орналасқан 400 шақырым биіктіктегі Төменгі Жершары орбитасына жеткен модуль 13 сағаттық ұшудан кейін станцияға түйіскені хабарланды.

Ұзындығы 20.5 метрлік модуль Қытайдың ғарышқа жіберген ең үлкен ғарыш көлігі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар