Седа Качан әйел жарыс жүргізушісі болды
Седа Качан 30 жылдан кейін бір чемпионатқа қатысқан алғашқы әйел жарыс жүргізушісі ретінде тіркелді.
Түркияда алғаш рет әйел жарыс жүргізушісі Анн Тахинчиоғлу 1992 жылы тректен Түркия чемпионатында өнер көрсеткенде Седа әлі дүниеге келмеген болатын.
Седа Качан 30 жылдан кейін бір чемпионатқа қатысқан алғашқы әйел жарыс жүргізушісі болды.
Чемпионаттың алғашқы кезеңінде қиындықтармен күрескен 29 жастағы жүргізуші өз есімін тарихқа жазу барысында тәуекелге бел байлағанын айтты.
Седа Качан: "Маған бәрі «Бұлай істеме, саған әйел ретінде қиын болады, ерлердің спорты, оны көтере алмайсың. Жұмыс пен спортты қатар қалай жүргізесің?» деді. Мен тәуекелге бел байлап жұмысты бастадым" деді.
Bitci Racing командасы үшін жарысқан Седа Качан бірінші күнді 6-шы, екінші күнді 5-ші орында аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
Мәскеудегі түрік қауымы Құрбан айтты бірге тойлады
Ресейдің астанасы Мәскеудегі түрік қауымы Құрбан айтты бірге тойлады.