Сауд Арабиясы төрт елге саяхат жасау тыйымын күшінен қалдырды

Сауд Арабиясы Түркия қатарлы 4 елге саяхат жасау тыйымын күшінен қалдырды.

1845873
Сауд Арабиясы төрт елге саяхат жасау тыйымын күшінен қалдырды

Сауд Арабиясы ресми хабар агенттігі «SPA» осы тақырыпқа байланысты бір хабар жариялады.

Хабарда жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті салдарынан Сауд Арабиясы бір ай бұрын Түркия, Үндістан, Вьетнам және Эфиопияға саяхат жасау тыйым салғаныны баяндалды және енді бұл тыйымның күшінен қалдырғаны жеткізілді.

Сауд Арабиясы 24 мамырда Ковид-19 оқиғаларындағы арту себепті Түркия қатарлы 16 елге саяхат жасау тыйым салған еді.

Тыйым салынған елдер қатарында Ливан, Сирия, Иран, Ауғанстан, Йемен, Сомали, Эфиопия, Демократиялық Конго Республикасы, Ливия, Индонезия, Вьетнам, Армения, Беларусь және Венесуэла бар.

 

 



Ұқсас жаңалықтар