Халфети табиғи сұлулығымен қызықтыруда

Халфети 2013 жылы Cittaslow Халықаралық үйлестіру комитеті «Тыныш қала» желісіне тіркелді.

1844348
Халфети табиғи сұлулығымен қызықтыруда

Шанлыурфаның Халфети ауданы өзінің тарихи және табиғи сұлулығымен келушілердің назарын аударуда.

Бір бөлігі Евфрат өзенінде салынған Бирежик бөгет көлінің астында қалған, 2013 жылы Cittaslow Халықаралық үйлестіру комитеті «Тыныш қала» желісіне өзінің тыныш және бейбіт қасиетімен енгізілген Халфети тарихи тастан жасалған үйлерімен, табиғи сұлулығымен жергілікті және шетелдік туристерді күтіп алуда.

Саяхатшылар бөгет көлінде қайық турларын тамашалай алады. Көпшілігі су астында қалған «Батып кеткен қаланы», көптеген өркениеттерді қабылдаған Румкале және су астында қалған мешіттің мұнарасы мен қараусыз қалған ескі ғимараттар орналасқан Савашан ауданын көру мүмкіндігін табады.

Табиғатта уақыт өткізуді қалайтындар ағылған ауданда әсіресе апта соңындағы демалыс күндері сұраныстар артады.

Тарихи және табиғи сұлулықтан басқа, сапарлай келушілер өзінің ерекше түсі мен иісін өскен топырағынан алған, әрі ресми тіркелген қара раушан гүлі мен жақында таныла бастағанн жасыл раушан гүлін тамашалайды.



Ұқсас жаңалықтар