Велосипед теуіп, Түркияға жетті

Велосипедпен әлемді шарлауға шыққан аргентиналық ерлі-зайыпты Меке кратер көліне келді.

1842978
Велосипед теуіп, Түркияға жетті
arjantinli cift meke golu1.jpg
arjantinli cift meke golu.jpg

Велосипедпен әлемді шарлауға шыққан аргентиналық ерлі-зайыпты Конияның Карапынар ауданындағы Меке кратер көліне келді.

Фотограф Карла Валс пен инженер жұбайы Леонардо Санти 2019 жылы әлемді шарлауға шықты.  Олардың соңғы аялдамасы Түркиядағы Меке көлі болды.

«Пири» деп аталатын иттерімен бірге көл жағасында суретке түскен ерлі-зайыптылар күніне 8 сағат велосипед айдайды. Олар қазірге дейін 25 мың шақырым жол жүрген.

«Велосипедпен жер шарлап жүрміз.  Себебі әрі арзан,  әрі экологиялық жағынан табиғатты ластамайды.  Шатыр құрып тұрамыз.  Бұл әрі адамдарға жақын болуымызды қамдайды. Меке көлі фотосурет түсіру үшін керемет жер» дейді Карла Валс.

Түрік қонақжайлығына риза болған ол «Әлемді шарлау арманын жүзеге асыру үшін керекті нәрселеріміді велосипедтерге тиеп, жолға шықтық. Әрине түрлі күдік, үрей және белгісіздік болатынын білетін едік. Бірақ 3 жылда өте тамаша адамдармен таныстық. Барған елдеріміз туралы көп нәрсе үйреніп білдік. Бір жарым айдан бері Түркиядамыз. Көп қаласын араладық. Түркияны ұмытпаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар