Парижде түрік тағамдары таныстырылды

Францияның астанасы Парижде "Түрік аснахасы апталығы" ұйымдастырылды.

1836535
Парижде түрік тағамдары таныстырылды
Fransa oecd Turk mutfagi1.jpg
Fransa oecd Turk mutfagi.jpg

Францияның астанасы Парижде орын алған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы орталығында "Түрік аснахасы апталығы" ұйымдастырылды. 

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоғанның басшылығында, Мәдениет және Туризм министрлігінің қолдауы, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұйымдастыруымен "Түрік асханасы апталығы" өткізілді. "Түрік асханасы апталығы" аясында түрік тағамдары таныстырылды. 

Түркияның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тұрақты өкілі Керем Алкин және жұбайы Есер  Алкиннің үй иелігіндегі іс-шараға Түркияның Франциядағы өкілетті және төтенше елшісі Али Онанер, Түркияның  Білім, ғылым және мәдениет мәселелер жөніндегі ұйымының тұрақты өкілі Гүлнур Айбет, Экономиклық ынтымақтастық және даму ұйымының Жапония, Франция, Еуропа Одағы және Оңтүстік Корея қатарлы көптеген елдің өкілдері қатысты.

Түркияның танысту видеолары да орын алған іс-шарада түрік тағамдары таныстырылды. Келген қонақтарға түрік тағамдары ұсынылды.

Іс-шараның беташарында сөз сөйлеген Керем Алкин биыл ұйымдастырылған «Түрік асханасы апталығы» аясында түрік дәстүрлі тағамдарының Түркияда және барша әлемде таныстырылғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар