Мысырда 250 мумия мен 150 мүсін табылды

Біздің дәуірімізге дейінгі 500 жылдарға тән екені межеленген 250 ағаштан жасалған түсті табыттың ішіндегі мумиялардың жақсы қорғалғаны хабарланды.

1834958
Мысырда 250 мумия мен 150 мүсін табылды

Ежелгі Мысырда елді мекен ретінде пайдаланылған және патша қабірлері орналасқан тарихи Саккара аймағындағы археологиялық зерттеулер барысында біздің дәуірімізге дейінгі 500 жылға жататын 250 мумия мен 150 мүсін табылды.

Бұл туралы елдегі «Сада әл-Белед» арнасының хабарлауынша Гиза қаласындағы тарихи Саккара аймағында жүргізілген археологиялық қазбаларда ежелгі Мысыр дәуіріне жататын жаңа жәдігерлер табылды.

2018 жылдан бері археологиялық қазбалар жалғасып жатқан Саккара аймағында біздің дәуірімізге дейінгі 500 жылға жататын 250 мумия мен 150 мүсін жарыққа шығарылды.

Мұны Саккара аймағында 2018 жылдан бері жалғасқан археологиялық қазбалардағы үлкен табыс деуге болады.

Біздің дәуірімізге дейінгі 500 жылдарға тән екені межеленген 250 ағаштан жасалған түсті табыттың ішіндегі мумиялардың жақсы қорғалғаны хабарланды. 

250 мумия табылған қабірлерден біреуінің ішінен «Өлілер кітабының» бөлімдері жазылғаны межеленген папирус өсімдігі табылды.

Мысыр Туризм министрлігіне қарасты Ежелгі Ескерткіштер жоғары кеңесінің Бас хатшысы Мустафа Везири қабірлерден біреуінің ішінен «Өлілер кітабының» бөлімдері жазылғаны межеленген папирус өсімдігі табылғанын жариялады.

Мустафа Везири қабірден шыққан папирус өсімдігінің зерттеу мақсатымен Каир мұражайындағы зертханаға жіберілгенін айтты.

Біздің заманымызға дейінгі 1550-50 жылдар аралығында өлілерге жол көрсетеді деген сеніммен діни жазуларды қамтыған «Өлілер кітабы» ежелгі Мысырда жерлеу рәсімдерінде қолданылатын діни кітап ретінде белгілі.



Ұқсас жаңалықтар