Түрік Қызыл жарты ай қоғамынан Ауғанстанға гуманитарлық жәрдем

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Ауғанстанның Бамиан уәлаятында мұқтаж 350 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті.

1824095
Түрік Қызыл жарты ай қоғамынан Ауғанстанға гуманитарлық жәрдем

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Ауғанстанның Бамиан уәлаятында мұқтаж 350 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті.

Гуманитарлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге үлес қосу мақсатты Түркиядан Ауғанстанға жіберілген «Игілік пойызының» 4-ші тасымалдаған жәрдем материалдарының бір бөлігі осында тұратын 350 отбасына рәсіммен табыс етілді.

Рәсімде сөйлеген Түркияның Ауғанстандағы елшісі Джихад Эргинай президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) мен Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен Ауғанстанға жіберілген «Игілік пойызы» апарған материалдардың елдің түкпір-түкпіріне жеткізілгенін білдірді.

Бамиан губернаторы Мевлеви Абдуллах Серхади болса Түркияның Ислам жағрапиясындағы гуманитарлық дағдарыстарда әрқашан мұсылмандардың жанында екенін атап, Ауғанстанға көмек көрсеткен Түркия мен түрік мекемелеріне алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар