«Бақи дүние» фильмі Италияда

Биыл 15-ші мәрте ұйымдастырылған "Қара Жібек қызғалдақтар" фильм фестивалінің тұсауы астана Римдегі Space Moderno кинотеатрында кесілді.

1823036
«Бақи дүние» фильмі Италияда

Италиядағы Халықаралық қысқа метражды фильмдер фестивалінің беті «Tulipani di Seta Nera (Қара Жібек қызғалдақтар)» түрік режиссері Али Атайдың «Бақи дүние» фильмімен ашылды.

Биыл 15-ші мәрте ұйымдастырылған "Қара Жібек қызғалдақтар" фильм фестивалінің тұсауы астана Римдегі Space Moderno кинотеатрында кесілді.

Фильм фестивалінің беташарына жұмыс, өнер, саясат және кинотеатр әлемінен көптеген қонақ қатысты.

Фильм фестивалінің беташарында түрік режиссері Али Атайдың екі түрлі құрылымды отбасы суреттелген «Бақи дүние» фильмі көрсетілді.

8 мамырға дейін жалғасатын фестивальде Түркиядан қысқа фильмдер де көрсетіледі.

Жүнейт Ышыктың «Құс болсам» фильмі, режиссер Емирхан Кангүлдің «Балық» және режиссер Хакан Ейліктің «Шалшықтар мен балшықтар» фильмдері де көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар