Ислам өркениеттері мұражайы қызықтыруда

Ислам өркениетінің мың 200 жылдық байлығын көрмеге қойған мұражайда 700 теңдесіз  мұра бар.

1821176
Ислам өркениеттері мұражайы қызықтыруда

Стамбулдағы  Ұлттық сарайлар ішінде 8 сәуірде Президент Режеп Тайып Ердоған бетін ашқан Ислам Өркениеттері мұражайын 21 күнде 160 мың 623 адам тамашалады.

Технология мен тарихи, рухани мұраны бірлестірген, Әзіреті Мұхаммед Пайғамбардың рухани бейнесі мен Ислам өркениетіннің маңызды мұраларына үй иесі болған мұражай 3 аптада маңызды мәдени және өнер мекендерінің біріне айналды.

Ислам өркениетінің мәдени және өнер байлығын таныстыратын мұражай 10 мың текшеметрлік алаңда және 15 тақырыптық бөлімде өнерсүйер қауымды күтіп алуда.

Ораза айы және ауаның жылынуымен көрермендерді қызықтырған мұражай әр күн азаннан кешке дейін ақысыз қызмет өтеуде.

Мұражай ең көп көрермен келген 24 сәуірде 14 мың 951 қонақты күтіп алды. Апта ішінде күнде орташа 7 мың кісі тамашалауда.

Ислам өркениетінің мың 200 жылдық байлығын көрмеге қойған мұражайда 700 теңдесіз  мұра бар.

 



Ұқсас жаңалықтар