"Гөкбей" ұлттық тікұшағы 2023-те сыналады

Акшит: "2023 жылы соңында ұлттық тікұшағымызды ұшқышпен ұшыруда табысқа жетуді күтудеміз" деді.

1819818
"Гөкбей"  ұлттық тікұшағы 2023-те сыналады

Ұлттық тікұшақ қозғалтқышы (мотор) 2023 жылы ұшқыш арқылы ұшу сынағын бастайды. 

"TUSAŞ" Мотор өнеркәсіп компаниясының (TEI) басқарма төрағасы және Бас директоры профессор доктор Махмут Фарук Акшит Ескишехирде алғашқы ұлттық тікұшақ "Гөкбей" жайлы баспасөзге мәлімдеме жасады.

Махмут Фарук Акшит  ұлттық коммуналдық тікұшақ "Гөкбейді" күшейту және TEI-TS1400 қозғалтқышы TEI компаниясында міндет атқаратын түрік инженерлер мен техниктердің еңбегі екенін білдірді.

TEI-TS1400 қозғалтқышының түрлі сынақтардан өткенін айтқан Акшит:

"Алдағы күндерде жоғары және қиын күш құндылықтары бойынша сынақтар жасалады. Сынақтан кейін Жағалау Қауіпсіздік басқармасының ұшқышпен ұшу рұқсатын күтеміз. Сол сатыға жеткенде "Гөкбей" тікұшағымен ұшқышты сынақтар басталады" деді.

Мотордың тікұшақты көтеретін жалғасты күш өндіргенін айтқан Акшит:

"2023 жылы соңында ұлттық тікұшағымызды ұшқышпен ұшыруда табысқа жетуді күтудеміз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар