Ердоған азан айтуда бас жүлде алған Караны құттықтады

Президент Ердоған Караны азан айтуда алған бас жүлдесімен құттықтап, табыстарының жалғасты болуын тіледі.

1816239
Ердоған азан айтуда бас жүлде алған  Караны құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясында ұйымдастырылған Құран Кәрімді жатқа оқу және азанды мәнерлеп айту жарысында азан саласында бірінші орынды иелеген Мухсин Караны құттықтады. 

Президент Ердоған Шаркышла Равза мешіті имамы Мухсин Карамен телефонда сөйлесті.

Ердоған телефондағы әңгімеде Караны азан айтуда алған бас жүлдесімен құттықтап, табыстарының жалғасты болуын тіледі.  

Мухсин Кара бұдан бұрын Түркия Радио Теледидар Мекемесі (TRT) ұйымдастырған Құран Кәрімді мәнерлеп оқу жарысында екінші орынды иелеген еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар