Түрік құрамасы Италиямен ойнайды

Футболдан ұлттық құрама бүгін Италиямен достық матчына шығады.

1803531
Түрік құрамасы Италиямен ойнайды

Футболдан ұлттық құрама бүгін Түркия уақытымен сағат 21.45-те Кония қаласында Италиямен достық матчына шығады.

Конияда болатын матчты Албания Футбол федерациясынан Енеа Иорджи басқарады.

Осы матч үшін Түркия құрамасына Германияда туған түрік футболгы Салих Өзджан қабылданды.

Түрік құрамасы 2022 FIFA Әлемдік кубок Еуропа іріктеуінде жартылай финалды қарсы көгалда Португалиядан жеңіліп қалған еді.  Италия құрамасы да Солтүстік Македониядан жеңіліп қалған болатын.

Ұлттық құрама тарихында Италияға қарсы бірінші жеңісі үшін ойнайды.  Бұдан бұрын қарсыласымен он бір матчқа шыққан түрік құрамасы үш рет теңбе-тең түсіп,  сегіз рет жеңілген болатын.

Матчты TRT SPOR, TRT İZLE, trtspor.com.tr және TRT RADYO 1 арқылы тамашалауға болады.



Ұқсас жаңалықтар