Түрік құрамасы Португалиямен ойнайды

Түркия уақытымен сағат 22.45-те басталатын матч TRT1 арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

1801293
Түрік құрамасы Португалиямен ойнайды
A Millî Futbol Takımı.jpg

 

Ұлттық футбол құрама командасы 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының Еуропалық іріктеу кезеңінің плей-офф жартылай финалында Португалиямен қарсы көгалда кездеседі.

Түркия уақытымен сағат 22.45-те басталатын матч TRT1 арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Драгао стадионындағы маңызды матчты Германия футбол федерациясынан Даниэль Зиберт басқарады.

Бапкер Стефан Кунцтың басшылығымен кеше өткен соңғы жаттығудың алғашқы 15 минуты баспасөзге ашық болды.

Толық құраммен өткізілген жаттығу жұмыстарының алдында Кунцтың өтініші бойынша көгал суарылды.



Ұқсас жаңалықтар