Бокстан алтын медаль алды

Еуропа чемпионатында түрік боксшылар Самет Гүмүш пен Керем Өзмен алтыннан алқа тақты.

1801285
Бокстан алтын медаль алды
Kerem Özmen.jpg

Хорватияда өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы бокстан Еуропа чемпионатында түрік боксшылар Самет Гүмүш пен Керем Өзмен алтыннан алқа тақты.

Порец қаласында өткен ұжарыста Самет Гүмүш финалда әзірбайжандық Руслан Гадировпен қарсыласты. Қарсыласын жеңген түрік боксшы Еуропа чемпионы атанды.

Керем Өзмен де 63,5 келіде финалда армян қарсыласы Артур Шахпазянды жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.

Осылайша Түркия 4 алтын, 1 күміс және 5 қола, барлығы 10 медальмен чемпионатты аяқтады.

Ерлер санатында Керем Өзменмен бірге Самет Гүмүш алтын алса, Нурулла Оян, Мехметхан Чынар, Тахир Таха Аккоюн және Эмир Бүйүкдаг қола жүлдені иеленді.

Әйелдер санатында Ереван Барут пен Хатиже Акбаш алтын, Гизем Өзер күміс, Гизем Эн қола жүлде алды.



Ұқсас жаңалықтар