Туристер Ван қаласына ағыла бастады

Акдамар аралына үш айда 15 мың турист келді.

1800649
Туристер Ван қаласына ағыла бастады

Сенім туризмінің маңызды орталығының бірі болған Вандағы Акдамар аралы және бұл жерде орын алған Акдамар шіркеуіне қаңтар айынан осы таңға дейін  15 мың  жергілікті және шетелдік турист келді. 

Геваш ауданы территориясындағы Акдамар аралы өзіндік ерекшеліктерімен отандық және шетелдік туристердің назарын аударады. Ауарайының жылынуымен Акдамар аралына келген турист саны артты. 

Қаланың тарихи және табиғи сұлулықтарын көруге келгендер Ван көлінің ортасындағы Акдамар аралы және аралдағы шіркеуді көрмей кетпейді.

 



Ұқсас жаңалықтар