Түрік аспаздар Ливандағы фестивальде екінші орын алды

Түрік аспаздар командасы елге Ливаннан сыйлықпен оралды.

1799950
Түрік аспаздар Ливандағы фестивальде екінші орын алды

Жалпы аспаздар мен кондитер-аспаздар конфедерациясының 10 адамнан тұратын командасы Ливан туризм және толеранттық фестивалінде екінші орын алды.

Ливанның бас қаласы Бейрутте 16-20 наурыз күндері өткен фестивальге 19 елден 140 үміткер қатысты.

Конфедерация төрағасы Өнер Чулфаз фестивальде Әзербайжанның бірінші, Түркияның екінші, Өзбекстанның үшінші орын алғанын атап көрсетті.

Ешбір мемлекет қолдауынсыз өз қаражатымен халықаралық шараға қатысып, осындай табыспен Түркияға оралған команданың да мақтаныш сезімін тілге тиек еткен Чулфаз «Худаверди Акгүн, Дервиш Гөкмен, Сайит Өндер, Эйүп Полат, Али Гөкчен, Фырат Джаникли, Саадет Гүнгөр, Метин Динчер және Өзге Каяға осы мақтаныш сезімін сыйлағаны үшін алғыс айтамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар