Анкарада «Қиылыс. Бар болғаныңа ризамыз Эрен» фильмінің премьерасы өтті

Фильмде шәйіт болған Эрен Бүлбүл мен шейіт аға сержант Ферхат Гедиктің хикаясы баяндалады.

1755103
Анкарада «Қиылыс. Бар болғаныңа ризамыз Эрен» фильмінің премьерасы өтті
erdoğan1.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған «Қиылыс. Бар болғаныңа ризамыз Эрен» атты фильмінің премьерасына қатысты.

«Қиылыс. Бар болғаныңа ризамыз Эрен» атты фильмде Трабзон қаласының Мачка ауданында  2017 жылы 11 тамыз күні террористтер мен түрік әскерлері арасында шыққан қақтығыста шәйіт болған Эрен Бүлбүл мен шейіт аға сержант Ферхат Гедиктің хикаясы баяндалады.

Эрен Бүлбүл дүниеге келген 1 қаңтар күні (2022 жылы) киносүйер қауымға ұсынылатын «Қиылыс. Бар болғаныңа ризамыз Эрен» атты фильмнің премьерасы бас қала Анкарадағы Бештепе Миллет конгресс және мәдениет орталығында жүзеге асты.

Түркия телерадио корпорациясының (TRT) бірлескен түсірілімі «Қиылыс. Бар болғаныңа ризамыз Эрен» атты фильмнің премьерасына Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Янык, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Әділет және даму партиясы (АК партия) төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым, Президенттік коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун, ТРТ Атқару кеңесі төрағасы Ахмет Албайрак және ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собажыға қоса Анадолы агенттігі төрағасы және бас директоры Сердар Карагөз қатысты.



Ұқсас жаңалықтар