Ғарышта су қайта өңделеді

Бір астронавт:"Ғарыш стансасында ішілген су арнайы түрде қайта өңделген. Жер шарындағы судың дәмімен ұқсас" деді.

1745454
Ғарышта су қайта өңделеді

"Шынжоу-13" ғарыш көлігіндегі Қытайдың 2 тайконавты студенттермен тікелей эфирде ғарышта суды қалай ішкендерін көрсетті.

Қытай Ұлттық Ғарыш агенттігінде ұйымдастырылған бір арнайы конференцияда студенттерге қызықты бір сабақ дайындалды.

Студенттер "Шынжоу-13" ғарыш көлігіндегі экипаждан 2 тайконавтпен видио конференция арқылы кездесті.

Студенттердің сұрақтарына жауап берген қытайлық 2 тайконавт бір студенттің "Ғарышта суды қайта өңдеу жүйесі бар ма?" деген сұрағына орай ғарышта суды қалай ішкендерін көрсетті. 

Уан Япин атты астронавт:

"Ғарыш стансасында ішілген су арнайы түрде қайта өңделген. Қолымда бір дорба өңделген су бар.  Ғарыш стансасында күндік су қажеті үшін толық қайта өңдеу су жүйесі бар.  Жер шарындағы судың дәмімен ұқсас" деді. 



Ұқсас жаңалықтар