Венгрия тарихи мұраларды Түркияға әкелді

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан тарихи мұраларды бірге тексерді.

1732808
Венгрия тарихи мұраларды Түркияға әкелді

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Венгрияда 2016 жылы қолға түсірілген және Түркияға қарасты екені анықталған 101 тарихи мұраны президент Ердоғанға тапсырып берді.

Венгрияда қауіпсіздік күштері 2016 жылы 29 қыркүйектегі бақылауда бір жүк көлігінде 101 бөлек тарихи мұраны қолға түсірген болатын. Анкараға келген Виктор Орбан екі ел арасындағы мәдени мұраларды алып қашумен күрес саласындағы ынтымақтастықтың дамығанын көрсету мақсатымен мұраларды президент Ердоғанға тапсырып берді.

Тарихи мұраларды Түркия тапсырып беру рәсімі Президенттік сарайда өткізілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан тарихи мұраларды бірге тексерді.

Венгриядан келген тарихи мұралар тобы арасында ұқсасы Анкара Анадолы Өркениеттері мұражайында көрмеге қойылған бұқа басты қазан, түрліше қарулар, көлік жабдықтары мен  ат тұрмандары бар.

Урартулық корольдер немесе ақсүйектерге тән мұралар жағдайы мен түрлішелігі тұрғысынан Урарту археологиясын зерттеу  үшін құнды материалдар деп бағаланды.



Ұқсас жаңалықтар