Денсаулығымыз үшін спортпен шұғылдануымыз керек

Президент Режеп Тайын Ердоған денсаулық үшін спортпен айналысуға шақырды.

1713886
Денсаулығымыз үшін спортпен шұғылдануымыз керек

Президент Режеп Тайып Ердоған Twitter-дегі парақшасында спортқа байланысты мәлімдеме жасады. Өзінің кейбір министр және ақылшыларымен Президенттік сарайда ойналған баскетбол матч көріністерін бөлісті.

Президент мәлімдемесінде "Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Мен аптада үш күн спортпен айналысуға тырысамын" деген сөздер қолданды.

Президентік сарайында ойналған матчқа Президент Режеп Тайып Ердоғанмен бірге Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк, Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоғлу, Мәдениет және туризим министрі Мехмет Эрсой, Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын, Президенттік Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун, Жастар және спорт министрінің орынбасары Хамза Йерликая мен Түркия баскетбол федерациясы төрағасы Хидайет Түрікоғлу қатысты.

 



Ұқсас жаңалықтар