Тарихи жәдігерді қайтармады

Christie's аукцион үйіне ашылған Түркияның сот ісі аяқталды.

1705365
Тарихи жәдігерді қайтармады

Америка соты Түркиядан заңсыз шығарылған «Жұлдыз аңшысы» (Guennol Stargazer) деп аталатын 5000 жылдық тарихы бар мәрмәрдан жасалған тарихи жәдігерді қайтару туралы өтінішті қабылдамады.

Нью-Йоркте мәрмәр мүсінді сатуға дайындалған Майкл Стейнхардт пен Christie's аукцион үйіне ашылған Түркияның сот ісі аяқталды.

Килия типті пұттардың Анадолы тысында басқа елдерде жүргізілген қазбаларда табылмағаны, осы туындының мемлекеттік қазына болуы, Майкл Стейнхардттың мәрмәр пұтты Түркиядан алып қашырылған Лидия қазыналарын сатқаны белгілі JJ Klejman атты саудагерден сатып алғаны және сот барысында Стейнхардттың жәдігердің тамырының Түркияда жатқанын білетінін айтқанына қарамастан сот экстрадиция туралы өтінішті қабылдамады.

Бұл істі қараған судья Элисон Натан Түркия тарихи артефакт 2017 жылы Christie's аукциондық үйінде сатылымға шығарылғанға дейін шара қолданбағанын және сотқа талап арыз беруді кешіктіргенін айтып, экстрадиция туралы өтінішті қабылдамады.



Ұқсас жаңалықтар