Эфес Опера және Балет Фестивалі 24 тамызда басталады

2018 жылдан бері жалғастырылған фестиваль биыл жаңа типті коронавирус сақтық шараларымен өткізіледі.

1683653
Эфес Опера және Балет Фестивалі 24 тамызда басталады

4-ші Халықаралық Эфес Опера және Балет Фестивалі 2021 жылы 24 тамыз бен 3 қыркүйек арасында ұйымдастырылады.

Мемлекеттік Опера және Балет Бас директорлығынан жасалған мәлімдемеде 2018 жылдан бері жалғастырылған фестиваль биыл жаңа типті коронавирус сақтық шараларымен өткізілетіні білдірілді.

Фестивальде операмен бірге  балет биленді,  концерттер  берілді. 

Фестиваль 24 тамыз сейсенбі күні Түркия уақытымен сағат 19:00-де Эфес Антикалық театрында Измир Мемлекеттік Опера және Балет ұйымы сахнаға шығаратын Джузеппе Вердидің «Травиата» операсымен ашылады.

Прага операсынан Михаэла Заджми, Бладар Заджми, Эгли Прифти және Измир Мемлекеттік Опера және Балет  Хүркан Аязоғлунан құралған Прага ансамблі концерті 26 тамызда Эфес Одеанда ұйымдастырылады.

Француз композитор Жорж Бизенің «Кармен» операсымен кемелденген Кармен балеті 28 тамызда Эфес Антикалық театрында сахнаға шығарылады.

Анкара Мемлекеттік Опера және Балет замандас би үйірмесі 1 қыркүйекте Борнова Ашык Вейсел театрында көрермендерге 1930 жылдардағы Америкаға апаратын «Гангстер» мюзиклін ұсынады.

Эфес Антикалық театрында 3 қыркүйекте еске алу концерттері ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар