Арслантепе қорғаны ЮНЕСКО Әлемдік мұралар тізіміне енді

Министр Ерсой: "Арслантепе қорғаны 44-ші Әлемдік мұралар комитеті жиналысының шешімінен ЮНЕСКО Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Қайырлы болсын!" деді.

1680538
Арслантепе қорғаны ЮНЕСКО Әлемдік мұралар тізіміне енді
arslantepe hoyugu.jpg
arslantepe hoyugu1.jpg

Малатияның Батталгази ауданындағы Арслантепе қорғаны БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Әлемдік мұралар тізіміне енді.

Мәдениет және Туризм министрлігінен жасалған мәлімдемеде "Біздің ғасырымыздан бұрынғы 4-ші мың жылдық бойынша Шығыс Анадолы мен Мезапотамия өркениеттерінде мемлекеттің құрылу процесіне және дәуірдің дамуына куә болған Арслантепе қорғаны интернет арқылы ұйымдастырылған 44-ші Әлемдік мұралар комитетінің жиналысы шешімі арқылы тізімге енгізілді" делінді.

Арслантепе қорғанының тізімге кіру шешімінде мәдени дәстүрлер мен қоғамдық құндылықтардың өзгерісі, иерархия, әлеуметтік жүйенің пайда болуына куә болу ерекшеліктері әсерлі болған.

Арслантепе қорғанының Таяу Шығыстағы тұңғыш мемлекеттік қоғамның пайда болуына куә болуы, аймақ экономикасын басқару мен орталық билік атқарған бір әкімшіліктің құрылуына сахна болуы сияқты ерекшеліктері әлемдік мұралар тізіміне кіруінде комитет тарапынан ескерілген.

Мәдениет және Туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Твиттер желісінде жасаған мәлімдемесінде:

"Түркияда тағы бір мәдени мұра әлем мұралары тізіміне енді. Арслантепе қорғаны 44-ші Әлемдік мұралар комитеті жиналысының шешімінен ЮНЕСКО Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Қайырлы болсын!" деді. 



Ұқсас жаңалықтар