Ұлттық балуан Селви Ильясоғлу әлем чемпионы атанды

Ұлттық балуан Селви Ильясоғлу шведтік Тиндра Оливия Далмырды жеңіп Еуропа чемпионы атанды.

1678896
Ұлттық балуан Селви Ильясоғлу әлем чемпионы атанды

Венгрия бас қаласы Будапештте болып өткен Дүниежүзілік күрес чемпионатында ұлттық балуан Селви Ильясоғлу алтын медаль алды.

Түркия атынан әйелдер арасында 57 келіде жарысқан Селви финалда шведтік Тиндра Оливия Далмырды 4:0 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.

49 келіде күрескен Севим Акбаш поляк Виктория Агнешка Камеланы 10-6 жеңіп, қола медальға қол жеткізді.

Басқа қола медаль жарыстарында 43 келіде Эда Нур Эрсой венгриялық Лилиана Капувариден, 65 келіде Дуйгу Ген үндістандық Варша Варшхадан, 73 келіде Бюкреназ Серт американдық Лилиан Алене Фрейтастан жеңіліп қалды.



Ұқсас жаңалықтар