Қытай Марс көріністерін жариялады

Қытай Марсқа қонған ғарыш көлігі "Zhurong-ның" қонған кездегі парашют жүйесінің ашылуын және қону барысын көрсеткен видеоны бөлісті.

1665658
Қытай Марс көріністерін жариялады

Қытай ғарыш көлігі "Zhurong-ның"  Марс (Қызыл жұлдыз) ғаламшарына қонған видеосын бөлісті.

Қытай Ұлттық Ғарыш әкімшілігі (CNSA) мамыр айында Марсқа қонған ғарыш көлігі "Zhurong-ның" қонған кездегі парашют жүйесінің ашылуын және қону барысын көрсеткен видеоны жариялады. 

Қытай Ұлттық Ғарыш әкімшілігі (CNSA) жасаған мәлімдемеде көріністердің роботтың жерге орнатылған сымсыз бір камера тарапынан түсірілгені білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Орбита көлігі мен Марс ғаламшар көлігі жақсы жұмыстануда. Марстан Қытай Коммунистік партиясына және отанға сенімді рапорт беруде. Партия құрылуының 100 жылдығына жақындағанда алыстан құттықтауларын жолдауда" деп көрсетілді.  



Ұқсас жаңалықтар