Украина Түркияның сенімді туризм жүйесін ұнатты

Осындай жүйені Украинада да қалыптастыруды жоспарлап отыр.

1649560
Украина Түркияның сенімді туризм жүйесін ұнатты

Украина туризм даму агенттігінің төрайымы Марьяна Олеска Түркиядағы сенімді туризм сертификаты жүйесін ұнатқандарын айтты. «Украинада да осылай жасау мақсатты тәжірибе жинақтау үшін кездесулер өткіздік» деді ол.

Олеска Түркия мен Украина арасындағы туризм қатынастарына баға берді.  Сәуір айында Украина Мәдениет және информация саясаты төрағасы Олександр Ткаченконың Түркия сапарының жақсы ынтымақтастық үшін бастау болғанын айтқан Олеска: «Украина делегациясымен бірге Анталияға бардық. Қонақүйлердің сенімді туризм сертификатымен қалай жұмыс істейтінін көрдік, жүйені ұнаттық» деді. Ол түрік үкіметінің коронавирус эпидемиясы кезінде туристердің қауіпсіздігіне көңіл бөлгенін айтты. «Айырықша Түркия Туризм таныстыру және даму агенттігі мен Түркия Мәдениет және туризм министрлігімен Украинада да осыған ұқсас жүйе қалыптастыру мақсатымен тәжірибе жинақтау үшін кездесулер жүргіздік» деді ол.

Ол укрианалық туристер үшін Анталия және Стамбул тысында Каппадокияның да көп таңдала бастағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар