Түрік футболист жеңіске жеткізді

Бурак Йылмаз гол салды, командасы чемпион атанды.

1644396
Түрік футболист жеңіске жеткізді

Франция бірінші футбол лигасының 38-ші және соңғы аптасында түрік футболист Бурак Йылмаз гол салып, командасы чемпион атанды.

Лиганың соңғы апта матчында Лилль командасы Анже командасына қонақ болды. Матчтың 10-шы минутында Джонатхан Дэвид гол салып,  командасын алға шығарды. Бурак Йылмаз 45-ші минутта пенальтиден гол салып,  айырмашылықты арттырды. Бірінші жарты қонақ команданың 2-0 үстемдігімен аяқталды.

Анже командасы да 90+2-ші минутта гол салды. Осылайша Лилль командасы матчта жеңіп шықты.

Осы қорытындымен лигада 83 ұпай жинаған Лилль командасы он жылдан кейін чемпиондыққа қол жеткізді.  Команда өз тарихында төртыншы рет чемпион атанды.

Лигада осы маусымда 28 матчта 16 гол салған түрік футболист Бурак Йылмаз командасының ең көп гол салған ойыншысы атанды.

 



Ұқсас жаңалықтар