Австралиядағы түрік фестиваліне 50 мың адам қатысты

Мельбурн қаласында өткен 14-ші Queen Victoria Market түрік базары фестивалі 2 күнге жалғасты.

1644113
Австралиядағы түрік фестиваліне 50 мың адам қатысты

Австралияның Мельбурн қаласында өткен 14-ші Queen Victoria Market түрік базары фестиваліне шамамен 50 мың адам келді.

Мельбурн қаласының маңызды туристік орындарының бірі - тарихи Queen Victoria Market-те Морелэнд Түрік қоғамы тарапынан ұйымдастырылған және 2 күн бойынша көптеген іс-шараға сахна болған фестиваль үлкен қызығушылық тудырды.

Морелэнд түрік қоғамы төрағасы Джемал Акдениз фестивальге 2 күнде шамамен 50 мың адамның келгенін білдірді.

Биыл 14-шісі ұйымдастырылған фестивальде жыл сайын он мыңдаған австралиялыққа түрік мәдениетін қуанышпен танытқандарын түсіндірген Акдениз «Пандемия салдарынан қоғамымыз ауыр күндер бастан кешті. Бұл қиын күндердің артынан сәл рахаттану үшін бұл іс-шараларды ұйымдастырдық. Бұл іс-шараларға 2 күндік мерзімде өте көп адам қатысты. Қатысушылардан гөрі мәдени құндылықтарымызды Австралия қоғамына таныту бізді одан көп қуантты» деді.

Фестивальге келушілер түріктің танымал тағамдарымен танысуға мүмкіншілік тапты.

Фестиваль аясында сондай-ақ «Хат» жазудан «Эбру» өнеріне, кәдесыйлардан дәстүрлі зергерлік бұйымдарға, мехтер ансамблі әндерінен халық билеріне дейін түрік мәдениетінің көптеген арнайы іс-шаралары жүзеге асырылды.



Ұқсас жаңалықтар