Кемалие ауданы ЮНЕСКО тізіміне енді

Тарихи және табиғи көркемдігімен танымал Кемалие ауданын ЮНЕСКО тізіміне кіргізген басты ерекшелігі ұзындығы 13 километр Қараңғы каньоны.

1637564
Кемалие ауданы ЮНЕСКО тізіміне енді

Ерзинжанның Кемалие ауданы ЮНЕСКО Әлемдік мұралар уақытша тізіміне енді.

Халық әндері, өлеңдер, романдарға желі болған Кемалие ауданы тарихи көшелері, ағаш үйлері және табиғи көркемдігімен Евфрат өзенінің жағасындағы жасырын бейішке ұқсайды.

Ерзинжанның Кемалие ауданының сұлулығы ЮНЕСКО Әлемдік мұралар уақытша тізіміне ену жолымен  заңды мекенге айналды.

Қала әкімі Емре Йешилташ Кемалие халқына алғыс айтты.

Тарихи және табиғи көркемдігімен танымал Кемалие ауданын ЮНЕСКО тізіміне кіргізген басты ерекшелігі-ұзындығы 13 километр Қараңғы каньоны.

Әлемде 5-ші орынды иелеген каньон-экстремалды спорт түрлерінің мекені.

Ауданға 5 километр алыстағы Дилли қойнауы байырғы түркілердің ізі қалған алаң. Жартастарға ойылған бейне мен ескерткіштер аймақтың тарихын әйгілеуде.

Табиғи қорғау алаңы болған ауданның мақсаты атын тұрақты тізімге енгізу.  



Ұқсас жаңалықтар