Түріктің сауытты көлігі әлемдік брендке айналды

Түркияның қорғаныс өнеркәсібі халықаралық қоғамның назарын аударуда.

1598677
Түріктің сауытты көлігі әлемдік брендке айналды

Таяу Шығыс, Парсы шығанағы, Азия, Африка және Еуропада көптеген елде қолданылатын «Ejder Yalçın 4x4» (Эждер Ялчын 4x4) көлігі НАТО мен БҰҰ қызметі пайдаланатын жалғыз түрік көлігі болды.

Түркияның қорғаныс өнеркәсібі құрамында жетілдірілген тактикалық доңғалақты сауытты «Эждер Ялчын 4x4» көлігі экспортта жетістіктеріне жаңасын қосты.

Түркияның сауытты құрлық көлігі өндірушілерінен «Nurol» машина компаниясы өндіретін «Эждер Ялчын 4x4» әдеттегі және асимметриялық операциялық ортаны қорғау тұрғысынан жоғары сапаға ие болғандықтан, ұтқырлық және пайдалы жүкте тасымалдау сыйымдылығымен Түркия шетелдік сұраныстарды қамтамасыз етеді.

«Эждер Ялчын 4x4» сауытты көлігінің соғыс пен қорғау қызметінде қолдану үшін жетілдірген 10 шақты конфигурация бар.

Бұл көліктерді Таяу Шығыс, Парсы шығанағы, Азия, Африка және Еуропа аймақтарында көптеген ел таңдауда.

Еуроодақ және НАТО мүшесі Венгрия инвентарына 2020 жылы енген Ejder Yalçın 4x4 көлігі Түркиядан тыс бір НАТО елі тарапынан қолданылатын алғаш сауытты көлік болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бейбітшілік күші құрамында қолданушы ел санын арттырған «Эждер Ялчын 4x4» Сахель аймағында асимметриялық қауіптер мен шабуылдарда қызметкерлерді табысты түрде қорғады. Осылайша «Эждер Ялчын 4x4» НАТО мен БҰҰ қызметінде қолданылатын жалғыз түрік көлігі болды.

Қолданушылардың өзіне деген сенімін ақтаған «Эждер Ялчын 4x4» артқан сұраныстарымен де өз беделін көтерді.

«Nurol» машина компаниясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бейбітшілік күшінде қолдану мақсатты биыл тағы жаңа бір тұтынушымен келісімшарт жасасты.



Ұқсас жаңалықтар