Ұялы телефон балалар үшін «мүмкін канцерогендер» категориясында

Ұялы телефондар тудыратын электромагниттік толқындар «мүмкін канцерогендер» категориясына кіреді.

1583513
Ұялы телефон балалар үшін «мүмкін канцерогендер» категориясында

Электромагниттік толқындардың әсіресе балалар мен жастарда қатерлі ісік қаупін арттыруы мүмкін екені жарияланды.

Жыл сайын әлемде 400 мыңнан астам бала мен 20 жасқа дейінгі жасөспірім қатерлі ісік ауруымен ауырады.

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан балалардың өмір сүру мөлшері табысы жоғары елдерде шамамен 80 пайыз болса, орташа және төмен табысы бар елдерде 20 пайызға дейін азаяды.

Бүкіл әлемде балалық шақтағы қатерлі ісіктердің шамамен үштен бірін лейкемия құрайды. Бұл аурудан кейін ми мен орталық жүйке жүйесі ісіктері, лимфома және қалқанша безінің қатерлі ісігі байқалады.

Сарапшылар иондаушы сәулеленудің балалық кезіндегі қатерлі ісіктер үшін нақты бір риск факторы екенін айтады. Иондаушы сәулеленудің лейкемия мен қалқанша безінің қатерлі ісігін жоғарылататындығын көрсететін көптеген зерттеулер бар.

Балалық шақтағы лейкемия туралы қорытындыларға сүйене отырып, ұялы телефондар тудыратын электромагниттік толқындар Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігінің «мүмкін канцерогендер» категориясына кіреді.

Олар өмір бойы қазіргі ересектерге қарағанда одан көп радиожиіліктік электромагниттік өрістерге ұшырайтындықтан балалар мен жасөспірімдерге ұялы телефондарды пайдалануды шектеу ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар