Токио Олимпиада ұйымдастыру комитетінің басшысы отставкаға кетті

Киодо ақпарат агенттігі Моридің орнына Жапония Олимпиадалары төрағасы Хашимото Сеиконың тағайындалатынын білдірді.

1582381
Токио Олимпиада ұйымдастыру комитетінің басшысы отставкаға кетті

Токио Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындары ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мори Йоширо әйелдерді нысанаға алған сөздеріне қарсы наразылықтар себебімен міндетінен отставкаға кетті.

Ол баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, «әйелдер қатысқан жиналыстар көпке созылады» деген сөздеріне наразылық келген соң ұйымдастыру комитеті басшылығынан кететінін білдірді.

Мори шілде айында өткізілуі жоспарланған турнирдің жүзеге асырылатына деген сенімін тілге тиек етті.

Киодо ақпарат агенттігі Моридің орнына Жапония Олимпиадалары төрағасы Хашимото Сеиконың тағайындалатынын білдірді.

Мори өткен аптада Жапония Олимпиада комитетінің онлайн жиналысында Атқару комитетіндегі әйел санын 40 пайызға арттыру туралы «Егер әйел санын арттыратын болсақ, сөз сөйлеу уақытын да шектеу керек» деген еді біреулер. Әйтпесе тоқтамайды» деген болатын.

Ол осы сөздерден кейін «Ойланбай айтылған сөз. Әйелдерге жікшілдік жасау ниетім жоқ еді» деген болатын



Ұқсас жаңалықтар