Ағрыда қайнаған су аспанда мұзға айналды
Ағрыда азаматтар үйлерінде қайнатып, далаға шығып аспанға шашқан судың жерге түспей, мұз болып қатқан тамаша көріністері көргендерді қызықтырды.
1570022
Ауа райының суықтығы нолден төмен 33 градус болған Ағры аймағында көкке шашылған қайнаған судың мұз болып қатқан барысы керемет көрініске айналды.
Өзендер мен ағынды сулар қатып қалған, үйдің төбесінен аққан сулар ұзын мұз сарқырамасына өзгерген қалада кейбір азаматтар суық ауаны көңіл көтеру ойынына айналдырды.
Қақаған аяздың әсерінде қалған қалада азаматтар үйлерінде қайнатып, далаға шығып аспанға шашқан судың жерге түспей, мұз болып қатқан тамаша көріністері көргендерді қызықтырды.
Ұқсас жаңалықтар
Анкарада «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды
Бас қала Анкарадағы Түрік-орыс достық үйінде «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды.