Қысқа метражды фильм фестивалі

Фестивальдің таныстыру фильмі жарияланды.

1539763
Қысқа метражды фильм фестивалі

Биыл Юнус Эмреге арналып ұйымдастырылған Халықаралық Үшінші достық қысқа метражды фильм фестиваліне санаулы уақыт қалды.

11-13 желтоқсан күндері онлайн өтетін фестивальдің таныстыру фильмі жарияланды.

Жыл сайын қысқа метражды фильм форматында түсірілетін таныстыру фильмін биыл Ерсин Гүлер мен Ибрахим Каракаш анимациялық түрде дайындады.

Фильм өнері мен мәдени өмірге үлесі зор осы қысқа метражды фильмдерді көрерменмен табыстыратын фестивальде 47 қысқа және үш ұзын метражды фильм көрсетіледі.  Фильмдерді www.dostlukfilmfestivali.com адресінен көруге болады.

Фестиваль аясында Түркиядан алты, Ираннан үш, Босния және Герцоговина, Италия, Германия, Гана, Қырғызстан, Франция және Хорватиядан бір-бірден фильм жарысады. Сыйлықтар 14 желтоқсан күні тапсырылады.



Ұқсас жаңалықтар