Шекара асып тіл үйреніп жүр

Түрік тіліне деген сүйіспеншілік «шекара» танымады.

1523099
Шекара асып тіл үйреніп жүр

Түрік тіліне деген сүйіспеншілік «шекара» танымады.

Хорватияның Меткович қаласында тұратын 17 жасар Нина Йеркович түрік тілін үйрену үшін аптасына екі рет шекарадан өтеді.  Ол Босния және Герцоговинада Мостар Юнус Эмре Институтының түрік тілі курсына қатынап оқиды.

Жоғары сынып оқушысы Нина сонымен бірге коронавирус эпидемиясына байланысты онлайн өткізілетін сөйлеу клубына да қатысуда. Ол түрік тілін жетік меңгеріп, Стамбул қаласында жоғары білім алуды армандайды.

Оның айтуынша оған түрік тілін үйренуге әкесінің бір жолдасы кеңес берген. Нина институт мұғалімдерінің оған жылы қарайтынын, жақыннан көңіл бөлетінін айтты.

Нина тұратын қалада одан басқа ешкім түрік тілін білмейді. «Бірақ мен түрік тіліне ғашық болғаным соншалықты айналамдағылар түрікше бір –екі сөз түсінетін болды» деді Нина. «Болашақта қандай жұмыс істесем де,  түрік тілінің маған көмектесетініне сенемін» дейді ол.



Ұқсас жаңалықтар