Анталияға шетелдік туристтер көп келуде

Анталия теңіз, құм және күн нұрымен бірге каньондары, тарихи және туристік мекендерімен танымал.

1519931
Анталияға шетелдік туристтер көп келуде

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы сақтық шаралары арқылы сенімді демалыс мүмкіндіктерін ұсынған Анталияға осы жылдың 10 айында 3 миллион 276 мың  627 шетелдік турист сапарлай келді. 

Анталия теңіз, құм және күн нұрымен бірге каньондары, тарихи және туристік мекендерімен танымал. Сондықтан Анталияға  көп шетелдік турист келуде. 

Жаңа коронавирус кезеңінде де әлемде ең көп ұнатылған қалалар қатарында орын алған және күтіп алған турист саны жағынан Түркияда "Туризм астанасы" деп бағаланған Анталия 1 қаңтар-31 қазан маусымында  3 миллион 276 мың  627 туристке үй иелігін жасады. 

Әуежайдан күтіп алуға, келгеннен кейінгі мейрамхана, жағажай, бассейн, монша, массаж және спорт залдарына дейін барлық жерде тығыз сақтық шаралары жасалған қонақ үйлерде туристерге денсаулықты туризм қызметі беріліп жатыр.

Қалаға келген туристердің елдеріне қарай сараптайтын болсақ 1 миллион 402 мың 578 адаммен Ресей бірінші орынды иеледі. Одан кейін кезекпен  550  мың 306 туристпен Украина екінші, 35 мың 485 мың адаммен Германия үшінші, 209 мың 275 туристпен Ұлыбритания төртінші болуда. 



Ұқсас жаңалықтар