Бейбітшілік Нобель сыйлығының иегері белгілі болды

БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 2020 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алды.

1506011
Бейбітшілік Нобель сыйлығының иегері белгілі болды

БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 2020 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Ұйымға сыйлық аштықпен күресіп, аштықты соғыс құралы ретінде пайдалануға қарсы шыққаны үшін берілген. 2019 жылы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы әлемнің 88 елінде 100 млн адамға көмек көрсеткен.

Норвегия Нобель комитетінен жасалған мәлімдемеде 2020 Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының аштықпен күресуде талпыныстар көрсеткені, соғыстардан ықпал көрген аймақтарда бейбітшілік шарт-жағдайының жақсартылуына атсалысқаны, сондай-ақ аштықтың соғыс және қақтығыс құралы ретінде қолдануына қарсы шыққаны үшін осы сыйлықтың берілгені білдірілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар